Текст
2025 жылдың 3 ақпанында мектебімізде жаратылыстану -математикалық және гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханбеталина Гульмира Кайроллиновна 6 “Б” сынып оқушыларымен "Түркістан — тарихи қала” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ барысында оқушылар “Көңіл-күй” тренингінде бір-біріне сәттілік тіледі. “Диагностика картасы” арқылы екі топқа бөлініп, мәтінмен жұмыс істеді. Бейнебаян көріп, сұрақтарға жауап берді. Жаңа сөздермен танысты. Жеке жұмыс орындады. Сабақты “Бес жолды өлең” әдісімен қорытындыланды.
ӘБ жетекшісі: Муханбеталина Г.К.