📌 25 қыркүйек күні мектебімізде «Мектеп пен отбасы: адал және жауапты азаматты тәрбиелеудегі ынтымақтастық» тақырыбында жалпы мектептік жиналыс өтті.
🤝 Жиналыс жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, ата-аналар мен ұстаздар оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы маңызды мәселелерді талқылады.
📚 Ата-аналарға келесі тақырыптар бойынша ақпарат берілді:
🔹 Мектепте қолайлы орта қалыптастыру
🔹 Баланың дамуына оң атмосфераның әсері
🔹 «Адал азамат» тәрбиелік жүйесі, «DosbolLIKE» буллингке қарсы бағдарлама, ата-аналар комитетінің трансформациясы
🔹 Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы мен «Даналық мектебі» клубының жұмысы
🔹 2025-2026 оқу жылына оқу үдерісін ұйымдастыру және мектептегі тамақтану мәселесі
💬 Жиналыс соңында Open talk – ашық диалог өтті. Ата-аналар өз ойларымен, ұсыныстарымен бөлісіп, мектеппен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.
✨ Балаларымыздың жарқын болашағы үшін белсенділік танытқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!